Ресей – Иран тауарларының Еуразия экономикалық аймағына енетін қақпасы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25604-Ресей_Иран_тауарларының_Еуразия_экономикалық_аймағына_енетін_қақпасы
Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасының төрағасы: «Иран Еуразия экономикалық аймағымен еркін сауда жасау тақырыбы мен осы аймаққа Иран тауарларын енгізу мәселесін қарастырып жатыр» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 29, 2017 16:02 Asia/Almaty
  • Ресей – Иран тауарларының Еуразия экономикалық аймағына енетін қақпасы

Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасының төрағасы: «Иран Еуразия экономикалық аймағымен еркін сауда жасау тақырыбы мен осы аймаққа Иран тауарларын енгізу мәселесін қарастырып жатыр» деді.

Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасының төрағасы Ғоламхосейн Шафеи Иран ислам республикасының жоғары деңгейлі делегациясының Ресейге жасаған сапарының нәтижелері және жекеменшік сектордың екі елдің стратегиялық ынтымақтастығындағы үлесі туралы: «Ресей түрлі қырынан Иранның жекеменшік бөлімі үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. Иран мен Ресей жағрапиялық орналасуына байланысты үшжақты және көпжақты ынтымақтастықпен екі елдің экономикасын дамыта алады» деді.

Шафеғи Иранның экспортын дамыту тақырыбының маңыздылығына сілтеме жасап: «Ресей мен Иран аймақ экономикасының транзитінде жақсы жағдайға ие. Бұл Иранның жекеменшік бөлімі үшін тиімді мұрсат болып табылады.

Иран Еуразия елдерімен тарифтер мәселесін нәтижеге жеткізуді мақсат етуде. Осы тақырып Иранның аймақ елдерімен экономикалық байланыстарын кеңейтудегі секіріс саналады» деді.

Иран Еуразия Одағына мүше елдермен, соның ішінде Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Армениямен Иран тауарларын осы аймаққа енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.