Иран мен Грузия тұтқындар ісіне қатысты әріптестік жасауға мүдделік танытты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25672-Иран_мен_Грузия_тұтқындар_ісіне_қатысты_әріптестік_жасауға_мүдделік_танытты
ИИР-ның Грузиядағы елшісі Теһран мен Тбилисидің тұтқындар ісі жөнінде әріптестік жасауға мүдделік танытатынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 01, 2017 06:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Грузия тұтқындар ісіне қатысты әріптестік жасауға мүдделік танытты

ИИР-ның Грузиядағы елшісі Теһран мен Тбилисидің тұтқындар ісі жөнінде әріптестік жасауға мүдделік танытатынын мәлімдеді.

ИИР-ның Грузиядағы елшісі Сейіт Джавад Қавам Шаһиди Грузияның Түрмелер ісі жөніндегі министрі Кахи Кахишвилимен кездесуінде ирандық тұтқындармен жақсы қатынас жасау, оларға діни міндеттерін атқаруға еркіндік беру, Грузия түрмелеріндегі ирандық тұтқындарға ирандық телеарналарды көруге мүмкіндік беру, ирандық тұтқындарды Грузияның әртүрлі қалаларындағы түрмелерден ортақ бір түрмеге тасымалдауды қалайтынын айтты.

Кахи Кахишвили де осы кездесуде Грузия түрмелерінде жасалған өзгерістерді баяндап, тұтқындар ісі бойынша екіжақты әріптестіктіктерді кеңейту қажеттігін қуаттады.

Грузияның Түрмелер ісі жөніндегі министрі, сондай-ақ, Иран түрмелеріндегі грузиялық азаматтардың жағдайына да қарайласуды сұрады.

Сотта құқықтық көмек беру, сотталғандарды тапсыру, қылмыскерлерді экстрадициялау,  Президенттің кешіріміне ілігу мүмкіндігін беру туралы келісім жасау да ИИР-ның Грузиядағы елшісі мен Грузияның Түрмелер ісі жөніндегі министрінің кездесуінде талқыланған мәселелердің қатарын құрады.