Венесуэлада ирандық тағамдардың алғашқы фестивалі өтті
(last modified Sat, 01 Apr 2017 14:14:18 GMT )
Сәу 01, 2017 20:14 Asia/Almaty
  • Венесуэлада ирандық тағамдардың алғашқы фестивалі өтті

Венесуэланың астанасы Каракас қаласында ирандық дастархан мен тағам түрлерінің алғашқы фестивалі өтті.

Бұл фестивалдің мақсаты – батыс жартышарының халқын Иранның негізгі мәдениетімен таныстыру. Үйлестіру шаралары негізінде дайындалған тағамдардың қонақтарға сатылуынан түскен ақша Венесуэланың обыр ісігіне шалдыққан балаларды емдеу және қолдау орталығына берілді. Осы рәсімдерде қонақтар исламдық Иранның көне мәдениеті мен өркениетінің бөлімдерімен танысып, ирандық тағамдарды көздің жауын алатын тартымды әрі дәмді деп сипаттады.