Иран Ресейден жолаушы тасымалдаушы 12 ұшақ сатып алуға келісті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25706-Иран_Ресейден_жолаушы_тасымалдаушы_12_ұшақ_сатып_алуға_келісті
Ресейдің Энергетика министрі ИИР-ның Ресейден SSJ100 модельді жолаушы тасымалдаушы 100 ұшақ сатып алуға ынталы екенін айтып: «Бүгінге дейін осы модельді жолаушы тасымалдаушы 12 ұшақ сатып алуға келісім жасалды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 02, 2017 08:40 Asia/Almaty
  • Иран Ресейден жолаушы тасымалдаушы 12 ұшақ сатып алуға келісті

Ресейдің Энергетика министрі ИИР-ның Ресейден SSJ100 модельді жолаушы тасымалдаушы 100 ұшақ сатып алуға ынталы екенін айтып: «Бүгінге дейін осы модельді жолаушы тасымалдаушы 12 ұшақ сатып алуға келісім жасалды.

Мәскеу мен Теһранмен SSJ100 модельді  жолаушы тасымалдаушы 100 ұшақ туралы келіссөздері жалғасуда»,‑деді.

РФ Президенті Владимир Путин сейсенбі күні Иранға SSJ100 модельді жолаушы тасымалдаушы ұшақтар сату туралы келіссөздердің жүргізіліп жатқанын растады. SSJ100 модельді ұшақ ресейлік компания жасайтын екі моторлы ұшақ болып табылады. Бұл ұшақ 98 жолаушыны 2700 миль қашықтыққа тасымалдай алады. Оның бастапқы бағасы – шамамен 36 млн доллар. Бұл ұшақ өзінің алғашқы рейсін 2008 жылдың мамыр айында жасады.