Санкт-Петербург қаласында қойылған бомба залалсыздандырылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25840-Санкт_Петербург_қаласында_қойылған_бомба_залалсыздандырылды
Ресейдің қауіпсіздік саласының басшылары Санкт-Петербург қаласында бір бомбаның залалсыздандырылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 07, 2017 03:41 Asia/Almaty
  • Санкт-Петербург қаласында қойылған бомба залалсыздандырылды

Ресейдің қауіпсіздік саласының басшылары Санкт-Петербург қаласында бір бомбаның залалсыздандырылғанын хабарлады.

Ресей басшылары бейсенбі күні қауіпсіздік күштері Санкт-Петербург қаласындағы бір үйде жарылғыш затты залалсыздандырғанын мәлімдегенімен, бұл жөнінде егжей- тегжейлі мәлімет ұсынған жоқ.

Ресейдің қауіпсіздік саласының басшылары сондай-ақ бейсенбі күні осы елдің оңтүстігінде орналасқан Ростов қаласында болған жарылыстан бір адамның жараланғанын мәлімдеді. Жарылыстың себебі мен шығындары туралы нақты мәлімет жоқ.

Дүйсенбі күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метрода болған екі лаңкестік жарылыстан 14 адам қаза болып, шамамен 60 кісі жараланған жағдайда осындай хабар жарияланды.