Каспий теңізіндегі Ресей флоты дайын жағдайға келтірілді
Каспий теңізінде Ресейдің жағалау аймақтарында қауіпсіздік саласындағы қатерлердің ұлғаюына байланысты осы елдің Каспий теңізіндегі флоты дайын жағдайға келтірілді.
Каспий теңізіндегі Ресейдің жағалау аймақтары мен Кавказ аймағында қауіпсіздік саласындағы қатерлердің ұлғаюымен осы аймақтағы Ресей флотының барлық кемелері мен жағалаудағы әскери нысандары дайын жағдайға келтіріліп, осы аймақтағы қорғаныстық мүмкіндіктер мен әлеуеттер сынаққа қойылып отыр.
Ресейдің оңтүстік федералды әскери өңірінің қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы Вадим Астафьев: «Каспий теңізіндегі Ресей флоты бөлімшелерінің жауынгерлік дайындық деңгейін сынау Ресейдің Каспий флотының қолбасшысы контр-адмирал Сергей Пинчуктің қадағалауымен атқыралады. Осы кезеңде теңіз бөлімшелері мен Каспий теңізінің жағалау аймақтары, соның ішінде Астрахань мен Дағыстан аймақтары флотының базалары сынақтан өтеді» деді.
Ресейдің түрлі аймақтары соңғы айларда бірнеше лаңкестік шабуылдың нысанасына алынды.