Ресей Американың Сириядағы қоқан-лоққыларына тосқауыл қоюға дайын
Ресей президенті Мәскеуді АҚШ пен Батыстың Сириядағы қоқан-лоққыларына тосқауыл қоюға дайын деп мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні АҚШ пен Батыстың Сирияға қарсы дұшпандығының жалғасуын сынап: «Вашингтонның Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-дағы одақтастары Сирияға қарсы шындыққа жанаспайтын қоқан- лоққыларды талқылап отыр. Сирия армиясының химиялық қару қолданғанын дәлелдейтін еш айғақ-дерек жоқ. Америка халықаралық заңдарды бұзып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатынсыз тәуелсіз елге шабуыл жасалды, бірақ халықаралық заңдарды бұзған осы шараға Американың барлық одақтастары келісіп, осы елдің әрекеттерін қолдап, қолпаштап отыр.
Американың Иракқа қарсы соғысы (2003) әлемдік деңгейде ДАИШ лаңкестік тобының қалыптасуына соқтырды» деді.