АҚШ Президенті Солтүстік Кореяның басшысын қылығын өзгертуге шақырды
Сәу 18, 2017 13:35 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Солтүстік Корея басшысынан қылығын өзгертуді талап етті.
АҚШ Президенті Дональд Трамп CNN ақпарат арнасына берген сұхбатында «Солтүстік Корея басшысына айтатын жолдауыңыз бар ма?» деген сұраққа: «Ол қылығын өзгертуі керек»,- деп жауап берді.
АҚШ Вице президенті Майк Пенс те «АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қатысты стратегиялық шыдамы таусылды. Солтүстік Кореяға қарсы тұру үшін барлық жайттaр қарастырылуда»,- деді.
Солтүстік Корея осыдан екі күн бұрын коммунистік жүйенің жылдығына орай өзінің зымырандық мүмкіндіктерін көрсетті.
Тегтер