Грузия Ресей қайраткерінің Сухуми сапарына наразылық танытты
Сәу 18, 2017 17:11 Asia/Almaty
Грузия премьер-министрінің Ресей ісі бойынша арнайы өкілі Зураб Абашидзе Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Абхазия автономиялық Республикасының орталығы Сухумиге жоспарлап отырған алдағы сапарын Грузияның тәуелсіздігі мен халықаралық заңдарды бұзу деп атады.
Грузия үкіметі бұдан бұрын Ресей қайраткерлерінің Абхазия автономиялық Республикасы мен Оңтүстік Осетияға сапарына реакция көрсетіп, оны айыптаған болатын. Ресей 2008 жылы 26 тамызда Абхазия автономиялық Республикасы мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін ресми деп таныды. Ресейдің әскери күштері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігін мойындарына алып отыр.
Тегтер