Иран мен Ресей балық шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Иран ислам республикасы мен Ресей балық шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Иранның балық шаруашылығы ұйымының төрағасы Хасан Салехи Теһранда осы меморандумға қол қою рәсімінде: «Балық шаруашылығы өнімдеріндегі Ресейдің ірі нарығына сәйкес осы өнімдерді Ираннан Ресей нарығына экспорттау үшін тиісті жағдайлар жасалуы керек. Иран мен Ресей қол қойылған меморандум қалпында Каспий теңізінің қорын сақтау мен қалпына келтіру үшін ынтымақтастық жасап, ой бөлісу мақсатында Каспий теңізі өңіріндегі елдермен ортақ отырыс өткізу үшін серіктестік жасайтын болды» деді.
Ресейдің балық аулау федералды агенттігі төрағасының орынбасары Василий Соколов та Иранмен балық шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімінде: «Ресей мен Иран тек Каспий теңізінде ғана емес, сонымен қатар оңтүстіктегі теңіздерде де ынтымақтастық жасайды. Екі ел су жануарларын өсірі және балық аулау негізінде тәжірибелерімен бөліседі» деді.
Иран ислам республикасы 2016 жылы 1 млн 100 мың тонна балық шаруашылығы өнімдерін өндірді.