Ираннан Ресейге сапар шегетін туристер үшін виза жойылды
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының туризм істері жөніндегі орынбасары Мұртаза Рахмани Моваххед Ресейдің барлық қалаларына сапар шегуді мақсат ететін ирандықтар үшін визаның жойылғаны туралы хабарлады.
Мұртаза Рахмани Моваххед сейсенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында: «Туристік топтар түрінде Ресейге сапар шегетін ирандықтар үшін виза қажет емес. Екі елдің туристері Иран мен Ресейге визасыз сапар шеге алады. Бұл мәселе шығынды азайтып, туристердің қозғалыстарын жылдамдатады. Визаны алып тастау – екіжақты мәселе. Иран Сыртқы істер министрлігі мүдделік танытатын елдермен арадағы визаны алып тастауға дайын. Басқа елдерге Иранға кіру визасын алуды жеңілдету саласында да үлкен жұмыс жасалды. Иранның әуе жайында берілетін визалардың жарамды уақыты екі аптадан үш айға артты. 190 елдің азаматтары Иранның тоғыз әуежайынан осындай визаларды пайдалана алады» деді.