Иран мен Қырғызстан арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мен Қырғызстан парламентінің төрағасы Чинибай Турсунбеков дүйсенбі күні Теһранда екі елдің саяси және экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту үшін 9 баптан тұратын меморандумға қол қойды.
ИСНА-ның хабарлауынша, Иран мен Қырғызстан парламенттері төрағаларының арасында қол қойылған меморандум парламенттік ынтымақтастықты кеңейту, екі елдің парламенттік байланыстарына ынталандыру, экономикалық және сауда-саттық байланысты жоғарылату, екі ел парламенттерінің тәжірибе алмасуы, аймақтық әсірешілдік пен лаңкестікті айыптау, есірткі заттарды егу, өндіру және контрабандалық жолмен тасумен күресу үшін заңды шешімдерді күшейтуге негізделген. Қырғыз, парсы және ағылшын тілдеріндегі меморандумға Лариджани мен Турсунбеков қол қойды.