Иран мен Ресей 500 жолаушы вагонын өндіру туралы келісімшарт жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26492-Иран_мен_Ресей_500_жолаушы_вагонын_өндіру_туралы_келісімшарт_жасады
Иранның "Идро" компаниясы мен Ресейдің "Транс Маш Холдинг" компаниясы 500 жолаушы вагонын өндіру туралы қос жақты ынтымақтастық келісімшартына қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 26, 2017 18:18 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей 500 жолаушы вагонын өндіру туралы келісімшарт жасады

Иранның "Идро" компаниясы мен Ресейдің "Транс Маш Холдинг" компаниясы 500 жолаушы вагонын өндіру туралы қос жақты ынтымақтастық келісімшартына қол қойды.

Министрдің орынбасары әрі Иранның өнеркәсіпті дамыту мен жаңарту ұйымының атқарушы делегациясының төрағасы Мансур Муазами, индустриялдық инвестицияларды кеңейтудің орынбасары Фардад Далири және Ресейдегі вагон жасайтын ең үлкен кәсіпорын "Транс Маш Холдинг" компаниясы төрағасының орынбасары Гурбанов қаржымен қамтамасыз ету және жолаушы вагондарын өндіруге қатысты қорытынды келісімшартқа қол қойды.

Муазами осы рәсім аясында: «Келісімшартқа қол қою шетел инвестициясын тарту және жүк, жолаушы вагондарын елде өндіруде заманауи технологияны пайдалану бағытында іске асты» деді.