Ресейде Орталық Азия елдерінің 12 азаматы құрықталды
Ресейдің қауіпсіздік басшылары Калининградта 12 адамды бір әсірешіл лаңкестік топпен ынтымақтастық жасады деген айыппен құрықтады.
Ресейдің қауіпсіздік федералдық қызметі құрықталған 12 кісінің "Исламдық жиһад- Моджаһедтер жамағаты" деген топпен ынтымақтастық жасағанын мәлімдеп, барлығын Орталық Азия елдерінің азаматтары деп атады. Олардың әскери әрекеттерге де қатысы болған көрінеді.
Ресейдің қауіпсіздік федералдық қызметі жуықта құрықталған кісілердің соттау үшін өз елдеріне жіберілетінін мәлімдеді. Осы топтың жетекшісі Өзбекстан тарапынан лаңкестік қылмыстар жасау айыбымен қудалауда болған көрінеді. Осы айда Ресей басшылары Орталық Азия елдерінің азаматтарын лаңкестік әрекеттерге қатысты деген айыппен үшінші рет құрықтап отыр.