Иран, Ресей және Сирия лаңкестіктің көзін жойғанша ықпалдастықты жалғастыруды қуаттады
Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің екінші бірлескен отырысы осы елдің ахуалына шолу жасау және үш елдің лаңкестікке қарсы ықпалдастығын жалғастыруды қуаттау мақсатында Мәскеуде өтті.
Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Деһқан, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу және Сирия Қорғаныс министрі Фаһад Джасем әл-Фаридж Мәскеудегі үш жақты бірлескен отырыста бейберекеттік пен қатыгездіктің тамырына балта шабу үшін тәкфирлік-уаххабистік лаңкестік топтар алдында бірлескен және жан-жақты шараларды жалғастыруды қуаттады.
Сардар Деһқан, Шойгу және әл-Фаридж сондай-ақ Американың Сирияға шабуыл жасауы мен лаңкестік топтарға әшкере түрде қолдау көрсету шараларын айыптап, аймақ пен әлемде лаңкестердің күшеюі мен әрекеттерінің өрістеуіне соқтыратын осы содырлық шараларды толығымен тоқтатуды қуаттады.
Иран, Ресей және Сирияның Қорғаныс министрлері сондай-ақ мүмкіндіктерді жұмылдыру және бірлескен кесімді шараларды өрістету арқылы лаңкестерге өз күшін қайтадан жандандыруға мұрсат бермеумен қоса Сирияда тыныштық пен тұрақты қауіпсіздік орнатуға, осы елдің жер тұтастығын сақтауға және барлық сириялықтардың бейберекеттік пен қатыгездіктен құтылуына жағдайдың жасалуына үміт білдірді.
Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің бұның алдыңғы лаңкестікпен күресу тақырыбындағы үш жақты отырысы 2016 жылы маусым айында Теһранда өтті.