Америкалық әскерилер Сирия мен Түркия шекараларына аттандырылды
(last modified Sat, 29 Apr 2017 16:31:30 GMT )
Сәу 29, 2017 22:31 Asia/Almaty
  • Америкалық әскерилер Сирия мен Түркия шекараларына аттандырылды

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі америкалық әскерилердің Сирия мен Түркия шекарасына аттандырылғанын хабарлады.

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Пентагон осы күштерді аттандырудың себебін Түркия мен Сирия күштері арасында қақтығыстың алдын алу деген уәж айтты. АҚШ пен Түркия Анкараның Сириядағы әскери шарасына байланысты келіспеушілікке ие. Шамамен 200 америкалық теңіз жаяу әскері де 2016 жылы наурыз айында Сирияның солтүстігіне аттандырылған болатын. Түркия да 2016 жылы Сириямен шекарасына танк пен қырғи ұшақ аттандыру арқылы осы елге әскери араласушылығын бастады.