Ресей Американы ядролық зымырандарға тыйым салу шартын бұзуына байланысты сынады
Ресей Американың орта қашықтыққа қолданылатын ядролық зымырандарға тыйым салу шартын бұзуын айыптады.
Ресей СІМ сенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ үкіметін Румынияға баллистикалық зымыран құрылғысын орналастыру және соған ұқсас құрылғыны Польшаға орналастыруды жоспарлауын сынап, оны орта қашықтыққа қолданылатын ядролық зымырандарға тыйым салу шартын бұзу деп атады. Америка Румыниядағы зымырандық құрылғысын 2016 жылы іске қосты. Осы әрекеттің Вашингтон үшін 800 млн доллар шығыны болды. Америка сондай- ақ соған ұқсас құрылғыны Польшаға орналастыруды жоспарлап отыр.
Америка Ресейдің сынына көрсеткен реакцияда зымырандық құрылғы орнатудағы мақсатын Ресейдің қауіп- қатерлеріне қарсы Еуропаны қорғау деп мәлімдеді. Американың Шығыс Еуропада әскери құзырының ұлғаюы Вашингтонның осы аймақтағы Ресейдің ықпалын азайту жолындағы ұмтылысы саналады.