Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесуге әзір
(last modified Tue, 02 May 2017 09:15:21 GMT )
Maм 02, 2017 15:15 Asia/Almaty
  • Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесуге әзір

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы қайшылықтардың күшеюімен тұспа-тұс Батыс ақпарат құралдары АҚШ Президентінің Солтүстік Кореяның Мемлекет басшысымен кездесуге әзір екендігін хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің «Рейтерс» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке Солтүстік Корея Мемлекет басшысымен кездесуге әзірлігін,  бірге ыңғайлы жағдайда бұл кездесуді іске асыратынын мәлімдеп: «Егер бұл кездесу мен үшін сындарлы болса, міндетті түрде оны іске асырамын әрі мақтан тұтатын боламын»,- деген.  Дональд Трамп бұл сөздерін АҚШ-тың «Карл Винсон» ұшақ тасығышымен Корея түбегіне аттануы және Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуінен кейін түбектегі қайшылықтар одан сайын күшейген жағдайда айтты.