Ресей Америкамен байланыстың жақсаруы үшін шарт қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26896-Ресей_Америкамен_байланыстың_жақсаруы_үшін_шарт_қойды
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары қос жақты байланыстың жақсаруы үшін Америкадан іс жүзінде әрі анық әрекеттер жасауды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 09, 2017 17:33 Asia/Almaty
  • Ресей Америкамен байланыстың жақсаруы үшін шарт қойды

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары қос жақты байланыстың жақсаруы үшін Америкадан іс жүзінде әрі анық әрекеттер жасауды сұрады.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Томас Шенонмен өткен келіссөзде: «Қарым- қатынасты қалпына келтіру үшін Америкада тәркіленген Ресейдің дипломатиялық орындары қайтарылуы керек.

Американың бұрынғы президенті Барак Обама үкіметінің шаралары Мәскеу мен Вашингтон қарым- қатынасында текетірестердің күшеюіне себеп болды» деді.

Ресей мен АҚШ Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Рекс Тиллерсонның кездесуі қарсаңында қос жақты байланыстар нашарлаған үш жылдан кейін Мәскеу Вашингтонмен байланыстың жақсаруы үшін шарт қойды.

Американың бұрынғы үкіметі 2016 жылдың желтоқсан айының аяқ шенінде Вашингтон мен Сан-Франсиско қаласындағы Ресейдің дипломатиялық орталықтарының 35 қызметкерін «Америкадағы сайлауға араласты» деп елден қуып, Ресейге тиесілі дипломатиялық иммунитетке ие екі ғимаратты тәркіледі.