Maм 11, 2017 15:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың қырғи ұшақтары Мосулдың тұрғын аудандарына шабуыл жасады

Ирактың ақпарат көздері америкалық қырғи ұшақтардың сәрсенбі күні кешке Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының тұрғын аудандарына жасаған шабуылдарынан кемінде 35 адамның қаза тауып, 133 адамның жараланғанын хабарлады.

Осыдан бұрын АҚШ бастаған коалицияның қырғи ұшақтары Мосулдың кейбір бөліктерін нысанаға алған болатын. Соның салдарынан Ирактың бірқатар бейбіт тұрғыны қаза тауып, жараланды. АҚШ соңғы жылдарда лаңкестік топтармен күрес сылтауымен Сирия мен Иракқа талай рет шабуыл жасады.

 

Тегтер