Маусым 04, 2024 22:12 Asia/Almaty
  • Әлемдегі оқиғаларға шолу: Америка НАТО-ның азиялық нұсқасын жасауды көздеп отыр; Йемендіктердің

Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония арасындағы жаңа жаттығу өткізу туралы келісім, Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленістін күшейуі, Индонезияның Газаға бітімгершілік күштерін жіберуге дайын екендігі туралы мәлімдеме, Үндістандағы парламент сайлауында Моди партиясының алға шығуы, Американың Украинаға Ресейге американдық қарумен шабуыл жасау үшін рүұсат етуі, йемендіктердің «Палестина» баллистикалық зымыранын жариялауы,

Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасының дұрыс жол,а түсуі, Газа халқына халықаралық қолдаудың жалғасуы және Гроссидің Иранның ядролық бағдарламасының бейбітшіл сипатын қайталауы соңғы күндердегі әлемдік жаңалықтардан.

«Бостандық шеті» - АҚШ-тың Шығыс Азиядағы шиеленісті күшейтетін жаңа жоспары 

Mehr News агенттігінің хабарлауынша, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея осы жазда «Бостандық шеті» атты жаңа жаттығу өткізбек. Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі бұл жаттығуды Солтүстік Кореяның дамып келе жатқан қауіп-қатерлеріне қарсы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін өткізу мақсатын жариялады. Солтүстік Корея АҚШ пен оның одақтастарын аймақтағы шиеленістің артуына басты себепкер деп санайды.

 

Қытай: Америка НАТО-ның азиялық нұсқасын құруды көздеп отыр

"Әл-Аламның" хабарлауы бойынша, «Қытай орталық әскери комиссиясының» Біріккен штабы басшысының орынбасары сенбі күні Сингапурдағы қауіпсіздік кеңесі алаңында Американы аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін ең үлкен сынақ деп атап: "Вашингтон. аймақтағы гегемониясын сақтау үшін Азия және Тынық мұхиты аймағында Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) нұсқасын жасауға ұмтылады",- деді.

 

Индонезияның Газаға бітімгершілік күштерін жіберуге дайындығы туралы мәлімдемесі 

ИСНА-ның хабарлауынша, Индонезияның сайланған президенті өз елінің Газаға бітімгершілік күштері мен дәрігерлерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Прабово Субианто сенбі күні Сингапурде Индонезияның қажет болған жағдайда Газа секторына бітімгершілік күштерін жіберуге және Газада атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. 7 қазаннан бері Израиль Газада 36 мыңнан астам палестиналықты қырды.

 

Үндістандағы парламент сайлауының қорытындысы

ИСНА-ның хабарлауынша, бұл елдің парламенттік сайлауында Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге тиесілі «Бхаратия Жаната» билеуші ​​партиясы жетекшілік ететін «Ұлттық демократиялық альянс» басым дауысқа ие болды. Үндістанның төменгі палатасына сайлау 19 сәуірден 1 маусымға дейін жеті кезеңде өтті және дауыстарды санау бүгін (сейсенбі) аяқталды.

 

АҚШ Украинаға Ресейге америкалық қаруымен шабуыл жасауға рұқсат етті

"Мизанның" хабарлауынша, Ақ үй бейсенбі күні Украинаға Ресейдегі шектеулі шабуылдар үшін америкалық қаруды қолдануға рұқсат беретінін мәлімдеді. Бұл шешім Ресейдің реакцияға тап болды. Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков дүйсенбі күні: «Біз АҚШ-ты өлімге әкелетін қате есептеулер туралы ескертеміз»,- деді.

 

Йемендіктер «Палестина» баллистикалық зымыранын көрсетті

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари: "Бұл ел алғаш рет «Палестина» баллистикалық зымыранымен басып алған жерлерінің оңтүстігіндегі Ам аль-Расраш (Эйлат) портын нысанаға алды",- деп хабарлады. Йемен армиясының күштері Израиль режимі Газаға шабуылдарын тоқтатқанға дейін Израиль орталықтары мен нысандарына шабуылдарын жалғастыруға уәде берді.

 

Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы дұрыс жолда

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Бейрутте Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасының дұрыс жолда екенін баса айтты. Бақеридің айтуынша, Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынастары ресми түрде қалпына келгеннен бері екі жақ та бір-бірімен ынтымақтасу үшін байсалды, белсенді және тиімді қадамдар жасады. Осы сынды кезеңде Иран мен Сауд Арабиясы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық арқылы тұрақты аймаққа ие болу үшін байыпты ерік-жігерге ие.

Гросси Иранның ядролық бағдарламасының бейбітшілік сипатына қайта баса назар аударды

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси дүйсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасының бейбітшілік сипатына тағы да тоқталды.

 

Басқа жаңалықтар тақырыптары:

Газа халқына халықаралық қолдауды жалғастыру

Гаагадағы сионистік режимге қарсы шағымға Ливия қосылды

Үндістанда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 61 адамға жетті

 

Тегтер