Маусым 26, 2024 01:24 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Ғадир – исламдық өмір салтына жағдай жасау және барлық исламдық ағымдарды біріктірудің қайнар көзі

Ислам революциясының жетекшісі сейсейбі күні таңертең Ғадир Хом мерекесінде мыңдаған ирандықпен кездесуінде Ғадир оқиғасын исламдық билікті жалғастыру және исламдық өмір салтын сақтаудың негізі деп атап, имам Әлидің (ғ.) кейбір қасиеттеріне тоқталып: "Исламдық жүйенің халықтық сипатқа ие екенін және әр адамның ел тағдырын шешуге әсері барына сенуді имам Әлиден(ғ.) үйрендік",-деді.

Имам Хаменеи жұма күні маңызды сайлау болатынын айтып, халықтың сайлауға барынша қатысуын және лайықты адамды таңдауын Ислам республикасы мен халқының абырой-айбынын асқақтатынын айтып, білікті үміткердің ерекшеліктерін түсіндіре келіп, халықты сайлау учаскелеріне баруға шақырып: "Иранның мықты әрі айбынды болғанын қалайтын және жүйені қолдау керегіне сенетін әрбір адам сайлауға барсын",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі Иран халқы мен әлем мұсылмандарын Ғадир Хом мерекесімен құттықтап, басты алаңдарда көпшілік болып тойлауды өте жақсы бастама деп атап, Ғадир мерекесіне қатысты Құран Кәрімде берілген түсінік және Исламның сүйікті пайғамбарының өсиетімен әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әлидің(ғ.) халифалығы мен велаятының жариялауына түсіндірме беріп, кәпірлердің Исламды жеңуге үміттерінің үзілгенін айтты.  

Имам Хаменеи Алланың бұйрығымен пайғамбардың аузымен хазірет Әлидің(ғ.) орынбасарлығы мен имаматтығының жариялауына негізделген исламның саяси билігінің жалғасуын кәпірлердің үмітсізденуіне себеп деп атап: "Имаматта көрініс тапқан исламдық басқару мен саясатты жалғастыру –  исламдық рухты жалғастыру",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі имамдық дәрежесін илаһи пайғамбарлардың ең маңызды міндеттерінің бірі және пайғамбарлық миссиядан жоғары деп атап: "Миссияда пайғамбарлар адамдарға Алланың әмірлерін жеткізеді. Бірақ имамат дәрежесінде пайғамбар илаһи бұйрықтарды адамдардың жүрегіне, ой-санасына, іс-әрекетіне сіңіреді",-деді.

Имам Хаменеи имамат пен велаят саясында исламдық басқаруды жалғастыруды исламдық өмір салтын жалғастыруға себеп деп атап: "Имамдардың 250 жылға созылған күрестері, кейіннен кейбір шиіт жетекшілері ұстанған және қазіргі заманда имам Хомейни(р.) мен Иран халқының күш-жігерімен жалғасқан күресінің мақсаты қоғамда исламдық өмір салтының таралуына себеп болатын исламның билігін құру болды",-деді.

Имам Хаменеи исламдық өмір салтының негізгі бағыттарын түсіндіруде «әділет», «кәпірлерден күшті болу», «бір-біріне мейірімді болуы», «ел билеушісінің халықтың азабы мен ауыртпалығын түсіну» және «халықтың Ислам үкіметіне көмектесуі, мойынсұнуы және әріптесуіне» тоқталып: "Ғадир исламдық өмір салтында осы асқақ армандарды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұл көзқарасқа сәйкес Ғадир барлық исламдық ағымдарды біріктіретін мәйек бола алады. Оны шиіттер мен сүнниттердің айырмашылығы деп санауға болмайды",-деді.

Ғадир Хом мерекесінде Иран халқының түрлі әлеуметтік топтарына жататын мыңдаған адам имам Хаменеиімен кездесті.

Ислам революциясының жетекшісі баяндамасының екінші бөлігінде имам Әлидің (ғ.) кейбір қасиеттеріне тоқталып: "Адамның дана көзі мен терең ойы имам Әлидің (ғ.) рухани сұлулығы мен мәртебесін түсіне алмайды, бірақ тым болмағанда өз санасында жалпы бейне қалыптастыра алады. Бірақ мұны Алла тағаланың ұлы нығметтерінің бірі болып табылатын «Нәһж әл-Балағаны» оқу арқылы жасауға болады. Ол шиіттерге ғана арналмаған. Негіздер, критерийлер мен әдістерді имам Әлиден(ғ.) үйреніп, оның қасиеттерімен танысу керек",-деді.  

Имам Хаменеи имам Әлидің (ғ.) барлық қасиеттерін жоғары бағалап, «Нәһж әл-Балағаға» сілетеме жасап: "Үмітсіздік пен күдік-күмәннан ада сенімділік,  кез келген дін мен мазхабқа жататын әрбір адамға сезімтал болу, сөзбен айтып жеткізе алмайтын әділдік, жаудың сырттай жұмсақ тәсілдеріне алданбау және оның алдында толық қырағы болуды имам Әли бен Әби Талебтің (ғ.с.) ең көрнекті қасиеттерінің бірі деп санамалап өтті",-деді.

Имам Хаменеи сондай-ақ үкіметтің халықтық сипатта болуына және халық пен билеушінің өзара жауапкершілігі мен құқығының  болуына терең сенуді имам Әлидің (ғ.) қасиеттерінің бірі деп атап: "Исламдық жүйенің толық халықтық сипатта болуы керегін өз моуламыз бен Құран аяттарынан үйрендік.   Бірақ кейбір адамдар Ислам Республикасы сайлау мен демократияны Батыстан үйренді деп қате айтады",-деді.

Имам Хаменеи илаһи қазынадан бастау алған имам Әлидің(ғ.) білімі мен даналығы тұрған кезде адамдардың сөздері мен кеңестеріне мән беру және әрбір адамның, тіпті ең әлсізінің қоғам мен елдің тағдырына араласуын баса айтуын имам Әлидің (ғ.) қасиеттерінің бірі деп атап: "Нәһж әл-Балаға" – имам Әлидің (ғ.) жеке басының көптеген аспектілерін ашуға және түсінуге арналған кітап. Адамдардың, әсіресе жастардың «Нәһж әл-Балаға» кітабын оқып, онымен танысып, одан қайталанбас тағылым алғаны жақсы",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі баяндамасының келесі бөлімінде президенттік сайлауға тоқталып: "Үш күннен кейін Иран халқы маңызды сынақ, яғни сайлаудың алдында тұр. Бұл оқиғаның маңызды бұрынғыдан да жоғары",-деді.

Имам Хаменеи халықтың қалаулы президенті Ибрахим Раисидің қазасынан 40 күннен кейін сайлау өткізуді әлемде сирек кездесетін оқиға деп атап, Алла тағала Иран халқын осы сайлаудан абыроймен алып шығатынына үміт білдірді.

Имам Хаменеи сайлаудың абыройлы өтуі халықтың жаппай қатысуы және лайықты таңдау жасауына байланысты деп атап: "Сайлауға барынша қатысуды баса айтудың себебі: Жоғары қатысудың ең маңызды әсері – Ислам республикасының абыройы",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасы құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейін оған қарсы жауластық әрекеттер жасалғанына тоқталып, сайлау өткізу және оған жоғары қатысуды жауластық әрекеттерді жеңудің факторы ретінде атап: "Президент пен халықтың саяси белсендігі Ислам республикасының мәні болып табылады. Елде сайлау өткізу және жауапты басшыны тағайындау – мұның ең маңызды көрінісі",-деді.

Тегтер