Маусым 27, 2024 18:43 Asia/Almaty
  • Иранның президенттік сайлауы әлемнің 95 елінде өтеді

ИИР Эксперттер кеңесінің баспасөз өкілі бейсенбі күні: "Иранның президенттік сайлауының он төртінші кезеңі ертең, жұма күні ел іші мен сыртындағы 59 мың сайлау учаскесінде өтеді",-деп мәлімдеді.

ИИР Эксперттер кеңесінің баспасөз өкілі Хади Таһанназиф заң бойынша президенттік сайлаудың 10 сағатқа созылып, ертең таңғы сағат 08:00-де басталатынын айтып: "Заң бойынша сайлау уақытын ұзартуға болады. Ел іші мен сыртында уақыттың еш айырмашылығы жоқ",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Эксперттер кеңесі президенттік сайлауға тіркелген 80 адамның ісін қарастырып, конституцияның 115-бабына сәйкес олардың арасынан 6 үміткердің біліктілігін растады. Соңғы күндері үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, теледебаттардан кейін 6 адамнан 2 үміткер сайлаудан бас тартты.

Иранның президенттік сайлауы ертең, жұма күні 4 үміткердің қатысуымен өтеді:

Пезешкиан Масуд Мұхаммедәлиұлы – үміткер коды: 22

Пурмұхаммади Мұстафа Хұсейнұлы – үміткер коды: 33

Джалили Саид Мұхаммедхасанұлы – үміткер коды: 44

Қалибаф Мұхаммедбағер Хұсейнұлы – үміткер коды: 77

 

Тегтер