Маусым 28, 2024 17:39 Asia/Almaty
  • Instagram 13 жастағы балаларға сексуалдық бейнелерді көрсетеді / Капиталистік жүйенің дағдарыстары

Wall Street Journal және Солтүстік-Шығыс университетінің профессоры Лаура Адельсонның жеке зерттеулеріне сәйкес, Instagram әлеуметтік желісі 13 жастан асқан жасөспірімдерге сексуалдық мазмұндағы Reels бейнелерін ұсынады.

Wall Street Journal және Laura Edelson  осы жылдың қаңтар-сәуір аралығында жүргізілген сауалнамаларына сәйкес, Instagram-да қолданушы жасы 13-ке толған жаңа пайдаланушылар үшін 3 минуттан аз уақыт ішінде секс бейнелері көрсетіледі.

Pars Today хабарлауынша, осы контентті 20 минут көргеннен кейін «ұсынылатын роликтер» бөлімі сексуалдық мазмұнды жасаушыларға толы болды.

The Wall Street Journal және Adelson Tik Tok және Snapchat бойынша бірдей зерттеу жүргізді және бұл платформалардың ешқайсысы жасөспірімдердің пайдаланушы тіркелгілеріне жыныстық мазмұнды ұсынбағанын анықтады. Сондай-ақ Wall Street Journal жарияланбаған құжаттарға сүйене отырып, Instagram-ның басында тұрған американдық Meta компаниясының қызметкерлері де осындай проблемаларды бұрын көрген деп мәлімдейді. Құжаттар Instagram желісіндегі жасөспірім қолданушыларға кедергі келтіретін тәжірибеге қатысты егжей-тегжейлі ішкі тергеудің бөлігі болды.  Meta қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері дәл осындай сынақтан өтіп, ұқсас нәтижелерге қол жеткізген болатын.

Алайда, Meta компаниясының баспасөз хатшысы Энди Стоун бұл туралы былай деді: «Бұл Instagram желісін пайдаланатын жасөспірімдердің шынайылығына сәйкес келмейтін жасанды эксперимент».

 

 

 

 

Тегтер