Африкадағы американдық биологиялық қару бағдарламасы әшкереленді.  Әлем тағы бір коронавирусқа шыдай ала ма?
(last modified Fri, 28 Jun 2024 11:31:47 GMT )
Маусым 28, 2024 17:31 Asia/Almaty
  • Африкадағы американдық биологиялық қару бағдарламасы әшкереленді.  Әлем тағы бір коронавирусқа шыдай ала ма?

Pars Today: Ресей армиясының ядролық, биологиялық және химиялық қорғаныс бөлімшесінің қолбасшысы Американың Африка континентінде биологиялық қару жасау жоспарды әшкереледі.

 

Ресей армиясының ядролық, биологиялық және химиялық қорғаныс бөлімшесінің қолбасшысы Игорь Кирилов АҚШ-тың Африкадағы әскери-биологиялық белсенділігінің қарқынды түрде кеңейіп жатқанын растайтын құжаттар бар екенін мәлімдеді.

Кириловтың айтуынша, Пентагонның қаржылық қолдауымен бірлескен бағдарлама бойынша Эфиопияда зертхана мен оқу орталығының құрылысы басталды.

Ресей армиясының ядролық, биологиялық және химиялық қорғаныс бөлімшесінің командирінің айтуынша, сондай-ақ АҚШ армиясының жұқпалы аурулар институтының қызметкерлері 2023 жылы Кенияда Ортохантавирус жарғанасына зерттеу жүргізген. Украинаның мұндай әрекеттердегі рөліне қатысты Крылов: «Украинаға радиоактивті материалдарды әкелудің ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық аспектілерін осы ел президентінің кеңсе меңгерушісі жеке бақылайды»,- деді. Ресей шенеунігі Украинаға әкелінетін радиоактивті материал Ресейге қарсы жалған жалау операциясы аясында лас бомба жасау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін айтты.

Ресейдің Американың биологиялық әскери әлеуетін одан әрі кеңейту туралы ескертуі оның аймақтық қауіпсіздік пен жаһандық қауіпсіздік үшін елеулі тәуекелдерін ескере отырып жасалды. Америка Құрама Штаттары 1972 жылы бекітілген және 1975 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Биологиялық қарулар туралы конвенцияның» мүшесі болғанына қарамастан, адамзатқа қарсы қарулардың әртүрлі түрлерін жасауда көщбасшылардың бірі болып саналады.   

 

 

Тегтер