Мәскеу Ресейде америкалық дипломаттардың санын қысқартуды жоспарлады
Ресей Американың осы елдің екі дипломатиялық кешенін тәркілеудің күшін жоюдан бас тартуына көрсеткен реакцияда Мәскеудегі америкалық дипломаттардың санын қысқартуға шешім қабылдады.
Ресейдегі америкалық дипломаттардың санын қысқарту шешімі Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Дональд Трамп пен Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен сәрсенбі күні кездескеннен кейін хабарланды.
Ресейдің бір дипломатиялық қайраткерінің айтуынша, Ресейдегі америкалық дипломаттардың санын қысқарту шешімі АҚШ үкіметінің осы елдің бұрынғы президенті Барак Обаманың Ресейдің екі дипломатиялық кешенін тәркілеу жарлығының күшін жоюдан АҚШ үкіметінің бас тартуына реакция ретінде шығарылды.
Американың бұрынғы президенті Барак Обама президенттік билігінің соңғы күндері Вашингтон мен Сан-Францискода Ресейдің дипломатиялық орталықтарының 35 қызметкерін «Ресейліктер Америкадағы сайлауға араласты» деп елден қуып, дипломатиялық иммунитетке ие болған Ресейдің екі ғимаратын тәркіледі.