Пентагон Ауғанстанға көбірек күш аттандырады
(last modified Sun, 14 May 2017 16:45:12 GMT )
Maм 14, 2017 22:45 Asia/Almaty
  • Пентагон Ауғанстанға көбірек күш аттандырады

Американың Қорғаныс министрі Ауғанстандағы америкалық әскерилердің санын арттыратынын хабарлады.

Американың Қорғаныс министрі Джеймс Матис жақында АҚШ президенті Дональд Трампқа Ауғанстандағы америкалық әскерилердің санын арттыру ұсынысын жасайтынын мәлімдеді. Трамптың кеңесшілері Ауғанстанға 3 мыңнан 5 мыңға дейін жаңа күш аттандыруға рұқсат етуді сұраған. АҚШ президенті осы айдың аяқ шенінде Брюссельге сапарында НАТО мүшелерімен келіссөзде осы елдің Ауғанстандағы әскерилерінің санын көбейту туралы шешім қабылдауы тиіс. Американың қазіргі кезде Ауғанстанда 8400 әскериі бар. АҚШ бұдан бұрын осы елдің Ауғанстандағы әскери миссиясының 2014 жылы ресми түрде аяқталғанын, америкалық күштердің ауған әскерилерін оқу-жаттығудан өткізіп жатқанын мәлімдеген болатын.