Иран мен Ресейдің банк карточкалары қосылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i27180-Иран_мен_Ресейдің_банк_карточкалары_қосылды
Иранның Орталық банкі Иран мен Ресейдің банк карточкаларының екі елдің банк саласындағы байланыстары кеңеюінің жалғасында халықаралық деңгейде қосылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 18, 2017 15:22 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің банк карточкалары қосылды

Иранның Орталық банкі Иран мен Ресейдің банк карточкаларының екі елдің банк саласындағы байланыстары кеңеюінің жалғасында халықаралық деңгейде қосылғанын хабарлады.

Иранның Орталық банкі: «Ирандық және ресейлік азаматтар 2017 жылдың тамыз айынан бастап, Иран мен Ресейдің банкоматтарынан ортақ пайдалана алады» деп мәлімдеді.

Иран мен Ресей арасында бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін Иран ислам республикасының карточка құрылғысын Ресейдің карточка құрылғысына қосу үшін жасалан келісімнен кейін сынақ түрдегі ақша жөнелтімдері мамыр айының 15-нен басталды.

Иран мен Ресейдің банк карточкаларының байланысы Иранның түрлі аймақтарында туризм мүмкіндіктерін кеңейтумен қоса ирандық, Ресей және ТМД елдерінің саяхатшылар үшін едәуір жеңілдік қалыптастырады.