Maм 27, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Ресей палестиналық тұтқындардың жағдайын алаңдатарлық деп атады

Мәскеу сионистік режимнің түрмелеріндегі аштық жариялаған палестиналық тұтқындардың денсаулық жағдайын қатерлі деп атап: "Аштық жариялаудың жалғасуы тұтқындарға орны толмас зиян келтіреді",- деп мәлімдеді

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ ақпарат хатшысы Мария Захарова жұма күнгі баяндамасында: "Соңғы күндері 40-тан астам палестиналық тұтқынның халі нашарлап, олар ауруханаларға жөнелтілді.

Палестиналық тұтқындар тек қана түрме жағдайын, әсіресе жүйелі түрде туыстармен кездесуге рұқсат беруді, жаман қатынасты және де карцер камералара қамауды доғаруды талап етуде ",- деді.

Халықаралық ұйымдар да сионистік режимнен палестиналық тұтқындардың құқылы талаптарына жауап беруін талап етуде. Бірақ сионистік режим талаптарға көңіл аудармай, палестиналық тұтқындарды басып-жаныштауды жалғастыруда.

 

Тегтер