Иран кілемін Ресейге экспорттауды жеңілдету жолдары қарастырылды
Иранның Ұлттық кілем орталығының басшысы Хамид Каргар мен Ресейдің Сауда ынтымақтастықтары кеңесінің төрағасы Владимир Обыденов Мәскеуде Иран кілемін Ресейге экспорттауды жеңілдету жолдарын қарастырды.
Осы кездесуде Владимир Обыденов Ресей халқының Иранның қолдан тоқылған кілемдеріне қызығатынын айтып, осы елдің Сауда және өнеркәсіп палатасының Мәскеуде Иранның қолдан тоқылған кілемдеріне арналған көрме өткізуге ынталы екенін хабарлады.
Хамид Каргар да осы кездесуде көрмелерге қатысу үшін қолдан тоқылған кілемдерді кеденде уақытша рәсімдеудің қиындықтары және кедендік алымның жоғарылығын ирандық өндірушілер мен саудагерлердің Ресей нарығында болуды аса қолдамауына себеп болып отырған кедергілердің бірі деп атады.
Владимир Обыденов Иранның қолдан тоқылған кілемдерін Ресейге уақытша кіргізуге қатысты мәселелерді мамандардың кеңесуі мен пікір алмасуы және орындау жолдарын ұсынуы арқылы шешуге болатынын айтып, 2017 жылдың қазан немесе желтоқсан айларының басында Ресейде Иранның қолдан тоқылған кілемдерінің алғашқы көрмесін өткізуге болатындығына үміт білдірді.
Иранның Ұлттық кілем орталығының басшысы Хамид Каргар, сондай-ақ, Ирандағы Ресей Сауда өкілдігінің мүшесі Андрей Луганский және осы өкілдік басшысының экономикалық істер жөніндегі орынбасары Рустам Мурадовпен жеке-жеке кездесіп, сұхбаттасты.
Иранның Ұлттық кілем орталығы осыдан бұрын: «Иранның қолдан тоқылған кілемдерін экспорттаудың құны өткен жылы (х.ш.ж.с.б. 1395 жылы) 350 млн доллар болды»,-деп хабарлаған болатын.