Ресей Тәжікістандағы әскери базасын ұшқышсыз ұшақпен жабдықтады
РФ осы жылдың соңына дейін Тәжікстандағы өзінің ең ірі әскери базасын ұшқышсыз ұшақтармен жабдықтауды көздеп отыр.
Бұл мәселені ресейлік ақпарат құралдары Ресейдің Орталық әскери округінің әскери қолбасшысы Владимир Зарудницкийдің сөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Зарудницкийдің айтуынша, бұл әскери база "Ураган" атты зымыранды ұшыру жүйесімен жабдықталған Eleron және Orland деген атпен белгілі заманауи қару-жарақтарды қабылдап алды.
Алайда бұл ресейлік әскери қолбасшы Ресейдің Тәжікстандағы 201 әскери базасына орналастырылған ұшқышсыз ұшақтардың саны туралы нақты мәлімет бермеді. Соған қарамастан сарапшылар ресейлік әскери қолбасшының жолдауында айтылған мәлімдемелерді бұл елдің Тәжікстан мен Орталық Азия аймағында ұзақ мерзімге орналасуының жалғасы деп атады.
Ресейдің Тәжікстан мен Орталық Азияда ұзақ мерзімге қалуы ресейлік ұшқышсыз ұшақтарды орналастыруды қажет етпейді. Мәскеу мен Душанбе 2014 жылы Тәжікстандағы Ресей әскерінің орналасуы туралы келісімнің мерзімі аяқталмас бұрын бұл екі ел басқа келісімге қол қойған болатын. Жаңа келісімге сәйкес, Ресей әскерінің 201 дивизиясының Тәжікістанда орналасуы тағы отыз жыл мерзімге создырылды. Сонымен қатар, Ресей әскери күштері осы мерзім ішінде, яғни 2042 жылға дейін Тәжікстанның осы әскери базасын пайдалануға рұқсат алды. Сондықтан екі мемлекеттің Тәжікстанда ресейлік ұшқышсыз ұшақтарды орналастыру жөнінде келісімге келуіне дәл сол Ресей әскерилерінің Тәжікстанда орналасу мерзімін создыру дәлелдері себеп болып отыр деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, Ауғанстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық келісімге қол қойылу мен Ресейдің аймақтағы стартегиялық теңгерімнің бұзылуына қатысты алаңдауы Ресей әскери күштерінің Тәжікстанда орналасуы туралы келісімді создыртуға себеп болды. Алайда Мәскеу бұл жағдайды Тәжікстан шекараларын қорғау немесе есірткі тасымалы мен Талибандардың әсірешіл идеяларының таралуының алдын алу секілді себептермен бүркемеледі. НАТО-ның аймақта орналасу мақсатындағы талпынысы осы келісімнің қол қойылуына әсер еткені анық. Тәжікстан ресейлік әскери күштердің 201 әскери базасында орналасуын создыртуға келісім беру арқылы экономикалық мақсатты да көздеп отыр. Себебі бұл келісім тәжік мигранттарынан құрылған жұмысшы топтардың Ресейде орналасуына кепілдік ретінде ұсынылды. Сонымен қоса, бұл келісім Мәскеудің Душанбеге қаржылай көмек көрсетуін де қамтиды. Тәжікстандық жоғары лауазымды тұлғалардың пікірінше, бұл келісімге қол қою арқылы Тәжікстан әлемдік теңгерімде аймақтық және халықаралық күш ретіндегі Ресейдің қолдауын пайдалана алады.
Сол себепті қазіргі жағдайларға сәйкес, Тәжікстандағы ресейлік әскери күштерінің 201 базасына Ресейдің ұшқышсыз ұшақтарын орналастыру тек Ресей мен Тәжікстанның қауіпсіздік, әскери және экономикалық теңгерімдері мен жоспарларынан тыс қана емес, соныман қоса Тәжікстандағы ресейлік әскерилерді қару-жарақпен қамтамсыз ету осы келісімнің бір бөлігі саналады.
Сондықтан Тәжікстанда ұшқышсыз ұшақтарды орналастыруға Мәскеуді итермелеген аймақтық өзгерістер, бәрінен маңыздысы АҚШ-тың Азияның оңтүстігі мен шығысындағы саяси авантюрасы және Ауғанстандағы қауіпті жағдайлардың жаңа формаларда жалғасуы болып табылады.