Ресейдің Ту-154 ұшағының апатқа ұшырау себептері жарияланды
Ресей Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ту-154 ұшағы құлауының негізгі себебін анықтауға бағытталған алты айлық тексерістердің нәтижелері жарияланды.
Ресей Қорғаныс министрлігі осы елге тиесілі Ту-154 ұшағының апаты туралы мәлімдемесінде ұшқыштың ауа-райының қолайсыз жағдайларында ұшақты бақылау мен жүргізудегі қателігі және жеткілікті шеберлікке ие болмауын ұшақтың апатқа ұшырауының негізгі себебі деп мәлімдеді.
РФ Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде апат себептерін анықтау жөніндегі арнайы тергеу комитеті алты ай бойы апаттың егжей-тегжейін мұқият зерттегеннен кейін сыртқы немесе лаңкестік факторлардың ұшақтың құлап, 92 жолаушы мен экипаж мүшелерінің қаза болуына ешқандай қатысы болмаған деген нәтижеге келді.
Ресей Қорғаныс істер министрлігіне тиесілі Ту-154 ұшағында Ресейдің Сириядағы әскери базасында өтетін Жаңа жыл мерекесіне арналған рәсімге қатысу үшін ұшып бара жатқан әскери күштер, әскердің музыкалық ансамблі мен он журналист болған. Ұшақ 2016 жылы желтоқсанның жиырма бесі күні (х.ш.ж.с.б. 1395 жылдың дей айында) таңғы сағат бесте Сочи қаласының маңайында құлады. Ұшақтағы барлық 92 жолаушы қаза тапты.