Маусым 04, 2017 18:32 Asia/Almaty
  • Хомейнидің қайтыс болуының жылдығына байланысты рәсімдер Нью-Йорк пен Мәскеу және Ереван қалаларында да өтті

Иранның Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болғанының 28 жылдығына арналған рәсімдер Иранның Ислам революциясына ықылас танытатын азамдардың қатысуымен Нью-Йорк пен Мәскеу және Ереван қалаларында да өтті.

Нью-Йорктегі имам Хомейнидің қайтыс болуының 28 жылдығына арналған рәсімдер БҰҰ-дағы ИИР өкілеттігінің мекенінде діни қайраткерлер, сол жерде өмір сүретін ирандықтар, БҰҰ-дағы ирандық дипломаттардың отбасылары, Ауғанстан мен Пәкістан және тағы да басқа елдердің ИИР іргетасын қалаушыға ықылас білдіретіндердің қатысуымен өтті.

Сондай-ақ Хомейнидің қайтыс болуының  жылдығына байланысты рәсімдер Мәскеу мен Ереванда Пәкістан, Үндістан, Әзірбайжан елдерінің Иранның Ислам революциясына қызығушылық танытатындар мен Арменияда өмір сүретін ирандықтардың қатысуымен өтті.

Хомейнидің қайтыс болуының 28 жылдығына арналған рәсімдер бүгін Теһранда имам Хомейнидің кесенесінде Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісінің қатысуымен өтеді.

 

 

Тегтер