Иран мен Ресей ынтымақтастықтарын кеңейтеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i27946-Иран_мен_Ресей_ынтымақтастықтарын_кеңейтеді
Ресейдің Ирандағы Сауда және өнеркәсіп палатасының өкілдері Иранның солтүстігіндегі Анзали еркін сауда аймағының директорымен кездесуінде екі елдің осы аймақтың мүмкіндіктерін пайдаланып, сауда ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 11, 2017 18:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей ынтымақтастықтарын кеңейтеді

Ресейдің Ирандағы Сауда және өнеркәсіп палатасының өкілдері Иранның солтүстігіндегі Анзали еркін сауда аймағының директорымен кездесуінде екі елдің осы аймақтың мүмкіндіктерін пайдаланып, сауда ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.

Анзали еркін сауда аймағының бас директоры Реза Масрур Ресейдің Ирандағы Сауда және өнеркәсіп палатасының өкілі Александр Максимовпен кездесуінде Анзали еркін сауда аймағының шетелдік инвесторлар үшін беретін жеңілдіктері мен басымдылықтарын баяндай келе, бұл аймақтың ресейлік компаниялармен Каспиан порттық кешенінде қоймалар мен тоңазытқыш қоймалар құрылысы бөлімінде инфрақұрылымдық және инвестициялық салалар бойынша әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеп:  

"Иран мен Ресейдің тасымал және кеме жүргізу компанияларының ынтымақтастықтарын кеңейту және Гилан облысының ауылшаруашылық өнімдерін Ресей нарығына экспорттау алаңында пайдалануға болатын жақсы мүмкіндіктер бар" деді.

Ресейдің Ирандағы Сауда және өнеркәсіп палатасының өкілі Александр Максимов та Каспиан  мен Ресейдің Махачкала порттарына бауырлас порттар мәртебесін беру ұсынысын жасап: "Ресей үкіметі Иранмен байланыстарды кеңейтуді күн тәртібіне қойып отыр. Ресейлік компаниялар да бұл мәселені құптауда" деді.

Ресейдің Ирандағы Сауда және өнеркәсіп палатасының өкілі  сонымен қатар Ресейдің банк жүйесінің халықаралық жүйеге қосылуына байланысты Иранмен банк ісі бойынша әріптестіктерін арттыруды сұрады.