Ресей Сирияда мыңдаған лаңкестің көзін жойды
Ресей Қорғаныс министрі елінің Сирияда ИСИМ-мен шайқасқа атсалысқан кезден бері мыңдаған лаңкестің көзін жойғанын хабарлады.
«Россия сегодня» хабар арнасының мәлімдеуі бойынша, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу дүйсенбі күні Мәскеу мен Дамасктің ресейлік күштердің бір бөлімін Сириядан шығару келісімімен бір мезгілде жасаған мәлімдемесінде: «Ресейдің әуе күші 2015 жылғы 30- шы қыркүйекте басталған Сириядағы іс- қимылдары шеңберінде 9 мыңнан артық ұшып, 2 мың лаңкестің, соның ішінде олардың 17 жетекшісінің көзін жойды. Ресей әуе күші сондай- ақ лаңкестердің шамамен 209 бекінісі мен олардың Сирияда мұнай өнімдерін тасымалдаушы 2 мыңнан астам жүк көлігінің көзін жойды» деді.
Ресей Қорғаныс министрі Сирия күштерінің де осы мерзім ішінде 400 қала мен елді мекенді лаңкестерден аластатып, осы елдің 10 мың шақырымнан астам жерін қайтадан өз бақылауына алғанын мәлімдеді.
Ресей 2015 жылғы 30- шы қыркүйектен Сирия үкіметінің ресми өтінішінен кейін парламенттен рұқсатнама алған соң бірнеше араб және Батыс елінің, соның ішінде АҚШ- тың қолдауына ие болып отырған лаңкестердің бекіністерін шабуылдарының нысанасына алды.