Иран, Ресей және Түркия өкілдері Астана отырысына қатысады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28414-Иран_Ресей_және_Түркия_өкілдері_Астана_отырысына_қатысады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран, Ресей және Түркияның Сириядағы бейбітшілікке қатысты Астана келіссөздерінің келесі отырысына қатысатындықтарын жариялағанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 27, 2017 15:53 Asia/Almaty
  • Иран, Ресей және Түркия өкілдері Астана отырысына қатысады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран, Ресей және Түркияның Сириядағы бейбітшілікке қатысты Астана келіссөздерінің келесі отырысына қатысатындықтарын жариялағанын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов дүйсенбі күні Иран, Ресей және Түркияның Сириядағы бейбітшілікке қатысты Астана келіссөздерінің шілденің 3-4 күндері өтетін келесі отырысына нақты қатысатындықтарын қуаттады. Ол Сирия бейбітшілігіне қатысты алдағы Астана отырысына барлық кепіл елдердің өкілдерінің қатысу келісімдеріне ие болғаны туралы мәлімдеді. Әбдірахмановтың айтуынша,  бұл отырысқа Ресей Президенті мен Франция Сыртқы істер министрінің арнайы өкілі, Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, БҰҰ-ның арнайы өкілі Стеффан Де Мистура және Иордания делегациясы қатысады. 

Сириядағы атыс тоқтату 2016 жылдың желтоқсан айының 31-нен Иран, Ресей және Түркия жобаларының арқасында орнатылды.

Сириядағы бейбітшілік келіссөздерінің бірінші кезеңі қаңтардың 23-24 күндері, екінші кезеңі ақпанның 15-16 күндері  Астанада өтті. Бұл келіссөздер Иранның бастамасы және Ресей мен Түркияның ынтымақтастығымен өткізілді.