Ресей Ұлыбританияның Қорғаныс министрін сынады
Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Ұлыбритания Қорғаныс министрінің "Адмирал Кузнецов" ұшақ таситын кеме туралы сөзін сынға алды.
Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Игорь Конашенков Ұлыбритания Қорғаныс министрі Майкл Фалонның британиялық "Queen Elizabeth" ұшақ таситын кемесінің Ресейдің "Адмирал Кузнецов" ұшақ таситын кемесінен басымдығы туралы сөзінің оның "әскери-теңіз ғылымынан" хабарсыз екенін көрсететінін айтты. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы ""Queen Elizabeth" кемесін көптеген әскери және сүңгуір кемелер қорғауы керек болған жағдайда "Адмирал Кузнецов" кемесінің зенитті және қайық пен сүңгуір кемелерді анықтайтын жүйеге ие екенін қуаттады. Сонымен қатар, Конашенковтың айтуынша, Ресейдің ұшақ таситын кемесі "Гранит" атты кемеге қарсы зымырандармен жабдықталған, ал британиялық кеме тек теңіздегі бір нысана болып табылады.
Ұлыбритания Қорғаныс министрі Майкл Фаллон Ресейдің "Адмирал Кузнецов" кемесі Сириядағы миссиясынан қайтып келе жатқанда оны "масқарашылық кемесі" деп атап, өз елінің қарулы күштерінің аталмыш кемені "Ла-Манш" каналынан өтер кезде шығарып салатынын мәлімдеді.