Америкалық коалиция Сирия халқын өлтіруді жалғастыруда
АҚШ басқарып отырған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына жасаған шабуылдары салдарынан өткен екі тәулікте кемінде 23 бейбіт адам қаза болды.
ИРНА-ның дүйсенбі күнгі таңертең хабарлауы бойынша, бұл шабуылдар кезінде сондай-ақ 46 әскери емес сириялықжарақаттанған.
АҚШ әскері өз мәлімдемесінде ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның шабуылдары басталғаннан бері, яғни 2014 жылдан қазірге дейін кемінде Ирак пен Сирияның әскери емес 484 бейбіт тұрғынының қаза болғанын хабарлады.
Airways бақылау тобының зерттеулері бойынша, америкалық коалицияның Ирак пен Сирияға жасаған әуе шабуылдары салдарынан шамамен 3000-ға жуық әскери емес адам қаза болған.
АҚШ соңғы жылдары лаңкестік топтармен күресті сылтауратып, бірнеше рет Сирия мен Ирактағы әскери емес бейбіт тұрғындарды нысанаға алған болатын.