Иран мен Ресейдің ортақ палатасы тамақ өнеркәсібі комитетінің екінші отырысын өткізді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28816-Иран_мен_Ресейдің_ортақ_палатасы_тамақ_өнеркәсібі_комитетінің_екінші_отырысын_өткізді
Иран мен Ресейдің ортақ палатасы тамақ өнеркәсібі комитетінің екінші отырысын Иран Еуразия одағына қосылған жағдайда ауылшаруашылығы мен тамақ өнімдерінің сауда айналымдарындағы мәселелерді қарастыру мақсатында өткізді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 10, 2017 15:28 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің ортақ палатасы тамақ өнеркәсібі комитетінің екінші отырысын өткізді

Иран мен Ресейдің ортақ палатасы тамақ өнеркәсібі комитетінің екінші отырысын Иран Еуразия одағына қосылған жағдайда ауылшаруашылығы мен тамақ өнімдерінің сауда айналымдарындағы мәселелерді қарастыру мақсатында өткізді.

Иран мен Ресейдің ортақ палатасы директорлар кеңесінің мүшесі Каве Заргаран: «Иранның Еуразия одағына мүшелігі ауылшаруашылығы және тамақ өнімдерінің экспорты тұрғысынан Иран үшін пайдалы болмақ. Иран бұл одаққа қосылуымен 6-6,5 млрд долларлық нарыққа шығады» деді.

Иранның Ауылшаруашылығы джиһады министрлігінің Сауда ережелері және стандарттары кеңсесінің бас директоры Сейед Джамал Моддареси де: «Ресеймен кедендік жасыл дәліздің қалыптасуы және Еуразия одағына мүше елдермен сауда істерінің жеңілдетілуіне қатысты ілгерілеушіліктер орын алды. Иран экспорт бойынша өзінің әлеуетін бұрынғыдан бетер арттыра түсуі керек» деп баса айтты.

Еуразия экономикалық одағы 2015 жылы Қазақстан мен Ресей және Беларусь елдерінің келісімі негізінде жұмысын бастады. Қырғызстан мен Армения да 2015 жылдың қаңтар айында аталмыш одақтың толық мүшелігіне өтті.

Иран мен Еуразия экономикалық одағы бірнеше жылдан бері еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер өткізіп келеді.