Шіл 11, 2017 20:55 Asia/Almaty
  • Америкада өткен тәуліктегі атыстарда 44 адам қаза болды

Америкада өткен 24 сағаттағы атыстарда 44 адам қаза тапты.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауы бойынша Америкадағы қару-жарақпен жасалатын қатігіздіктерді тіркейтін орталық өткен бір тәулік ішінде Американың әртүрлі штаттарында, соның ішінде Невада, Огайо, Иллинойс және Калифорния штаттарында орын алған 54 атыс жайтында 14 адамның қаза тауып, 35 адамның жараланғанын хабарлады.

Америкадағы қару-жарақпен жасалатын қатігіздіктерді тіркейтін орталықтың мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте жарияланған атыстардың 15 жайтында өлім-жітім болмаған.  

Америкадағы қару-жарақпен жасалатын қатігіздіктерді тіркейтін орталық сонымен қатар өткен 24 сағат ішінде Американың әртүрлі қалаларында болған атыстардың 154 жайтында 44 адамның қаза тауып, 130 адамның жараланғанын хабарлады.

 

Тегтер