АҚШ полициясы Бостон әуежайында ирандық зерттеушіге өте дөрекі қатынас көрсетті
АҚШ-тың Гарвард университетіне шақырылған ирандық зерттеуші Мохсен Деһнави АҚШ-тың Бостон қаласындағы «Логан» әуежайында 30 сағат қамауда болған соң сәрсенбі күні кешке Теһранға қайтып оралды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ирандық зерттеуші Мохсен Деһнави Теһранға қайтып оралған соң: «АҚШ полициясы қамауда болған кезімде өзім мен жанұяма өте дөрекі қатынас көрсетті. Тіпті, бізге «Логан» әуежайында жүруге, балаларыма ойнауға, зат сатып алуға рұқсат бермеді.
АҚШ полициясы маған Ирандағы туыстарыма телефон соғуға рұқсат етпеді. Зерттеуге қажет заттарым мен жеке ноутбугімді де тәркілеп алды.
АҚШ полициясының айтуы бойынша, менің елге кіруім АҚШ-тың қауіпсіздік протоколдарына сәйкес келмейді, сондықтан АҚШ жеріне кіре алмайды екенмін»,-деді.
Бұл ирандық зерттеуші, сондай-ақ, АҚШ-тың Гарвард университетімен әріптесу себебін технологиялармен алмасу және обыр ауруын емдеу саласындағы жетістіктерді арттыру деп мәлімдеп: «Менің сапарымның мақсаты – ғылыми зерттеу жүргізу. Зерттеу тақырыбым – денсаулық және обырға шалдыққандарды құтқару»,-деді.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джон Керри Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: «Басқалардың өмірін құтқару үшін АҚШ-қа келген дәрігердің мұндай оқиғаға ұшырағаны қынжылтады»,-деп жазды.