Шіл 13, 2017 21:16 Asia/Almaty
  • Зариф Нью-Йоркке аттанды

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі бүгін таңертең БҰҰ-ның жоғары ассамблеясының саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке аттанды.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зарифтің БҰҰ жоғары деңгейлі ассамблеясының саммиті аясында әр түрлі елдерден келген ғалымдар мен әлемдік деңгейдегі тұлғалар және басшылармен кездесіп, сұхбаттасатынын айтты.

Баһрам Ғасеми Зарифтің шілде айының 17 күні Халықаралық қатынастар кеңесіне осы орталықтың президенті Ричард Хааспен бірге қатысып, баяндама жасауын Иран СІМ-нің Америка сапарындағы келесі бағдарламаларының бірі деп атады. 

 

Тегтер