Иранның Мұнай компаниясы мен ресейлік компания меморандумға қол қойды
Иранның оңтүстігіндегі мұнай өндірілетін аймақтардың ұлттық компаниясы мен Ресейдің "Зарубежнефть" компаниясы Хузистан облысындағы Шадеган және Раг-Сефид майдандарын зерттеу туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Осы меморандумға сәйкес, Ресейдің "Зарубежнефть" мұнай компаниясы 9 ай ішінде Шадеган және Раг-Сефид майдандарын кеңейту туралы жоба ұсынатын болды.
Ресейдің "Зарубежнефть" мұнай компаниясы – Иранның Ұлттық мұнай компаниясында аккредиттелген компаниялардың бірі.
Шадеган және Раг-Сефид мұнай алаңдары Иранның оңтүстік-батысында орналасқан ірі мұнай алаңдарының қатарына жатады.
Осы уақытқа дейін ресейлік компаниялар, соның ішінде, Газпром мен Роснефть Иранның мұнай және газ алаңдарын зерттеу үшін бірқатар меморандумға қол қойды.