Иранның Мұнай компаниясы мен ресейлік компания меморандумға қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29054-Иранның_Мұнай_компаниясы_мен_ресейлік_компания_меморандумға_қол_қойды
Иранның оңтүстігіндегі мұнай өндірілетін аймақтардың ұлттық компаниясы мен Ресейдің "Зарубежнефть" компаниясы Хузистан облысындағы Шадеган және Раг-Сефид майдандарын зерттеу туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 18, 2017 02:39 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай компаниясы мен ресейлік компания меморандумға қол қойды

Иранның оңтүстігіндегі мұнай өндірілетін аймақтардың ұлттық компаниясы мен Ресейдің "Зарубежнефть" компаниясы Хузистан облысындағы Шадеган және Раг-Сефид майдандарын зерттеу туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Осы меморандумға сәйкес, Ресейдің "Зарубежнефть" мұнай компаниясы 9 ай ішінде Шадеган және Раг-Сефид майдандарын кеңейту туралы жоба ұсынатын болды.

Ресейдің "Зарубежнефть" мұнай компаниясы – Иранның Ұлттық мұнай компаниясында аккредиттелген компаниялардың бірі.

Шадеган және Раг-Сефид мұнай  алаңдары Иранның оңтүстік-батысында орналасқан ірі мұнай алаңдарының қатарына жатады.

Осы уақытқа дейін ресейлік компаниялар, соның ішінде, Газпром мен Роснефть Иранның мұнай және газ алаңдарын зерттеу үшін бірқатар меморандумға қол қойды.