Өзбекстан мен Қазақстан арасында аймақтық әріптестік немесе жасырын бәсекелестік басталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29078-Өзбекстан_мен_Қазақстан_арасында_аймақтық_әріптестік_немесе_жасырын_бәсекелестік_басталды
Кейбір ақпарат көздері Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметаралық келісімі аясында екі елдің аймақтық ынтымақтастығының ресми түрде басталғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 18, 2017 13:55 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан арасында аймақтық әріптестік немесе жасырын бәсекелестік басталды

Кейбір ақпарат көздері Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметаралық келісімі аясында екі елдің аймақтық ынтымақтастығының ресми түрде басталғанын хабарлады.

2017 жылдың 23 наурызында Қазақстанның елордасы Астанада Өзбекстанның жаңа Президенті лауазымындағы Шавкат Мирзиеёвтің Қазақстанға сапары барысында екі ел басшылары Өзбекстан мен Қазақстанның аймақтық  ынтымақтастық туралы келісіміне қол қойды. 

Осы келісімге сәйкес, Өзбекстан мен Қазақстан сауда-экономика, мәдениет, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жұмыс орындарын ашу, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларында өзара тиімді ынтымақтастық жасау мақсатында бағдарлама дайындап, тиісті шаралар атқаруға келісті.

Осы келісімге қол қойылғаны туралы хабардың таралуы және енді Өзбекстан мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың басталғанының жариялануы саяси орталардың назарын мына қырынан өзіне аударды: бұл екі республика өздері тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Ислам Каримов Өзбекстанды басқарып тұрған кезде Орта Азиядағы басқа елдерді басқару үшін жарияланбаған бәсекелестік жүргізіп, аймақтық  және халықаралық қатынастарға түскен болатын. Тіпті, Өзбекстан мен Қазақстан аймақтық  ұйымдарға кірер кезде де осы екі елдің саяси-экономикалық және әлеуметтік қажеттілігі назарға алынбай, әртүрлі ұйымдарға мүшелік олардың бір-біріне деген бәсекелестік сезімі негізінде жүзеге асып отырды. Өзбекстан мен Қазақстанның ТМД елдері арасындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы немесе Шанхай ынтымақтастық ұйымы  мен басқа да осы сияқты аймақтық  ұйымдарға мүше болып кірудегі ілгері-кейінділікте осы бәсекелестік пен Орта Азия елдерін басқаруды қолға алу талпыныстарына куә болдық. 

Бұл қатынас Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін өзгеріске ұшырады дегенмен екі елдің қоғамында бұрынғыдай биліктің жоғары деңгейлерінен осы бәсекелестік сезімнің белгілері байқалады.

Бұған қарамастан, Өзбекстан мен Қазақстанда кейбір саяси орталар екі елдің ынтымақтастық келісіміне қол қойылуын оптимизммен қабылдап,  оны жасырын бәсекелестікті тоқтату жолындағы бетбұрыс нүктесі деп бағалап отыр.  Саяси орталардың басқа бір бөлігі пессимистік көзқарас білдіріп, екі елдің аймақтық әріптестіктер туралы келісімі Орта Азия елдерін басқаруға қатысты ескі де жасырын бәсекелестікті қайта бастауға жағдай жасайды деп санайды. Осындай жағдайда аймақтық  және халықаралық қарым-қатынастарда Ташкент Астанаға қарағанда азырақ рөл атқарғандықтан  Өзбекстан осы бәсекелестікке бар күшін салып кірісу үшін тиісті жағдайға ие емес. Алайда бұрынғыдай екі ел басшыларының саяси шешімдерінен тамырланатын бұрынғы мансапқорлық екі елдің сыртқы саясатындағы қазіргі үдерістің өзгеруіне себеп болуы ықтимал.  

Сол себепті Орта Азия жөніндегі сарапшы Сергей Савельев осы уақытқа дейін Шавкат Мирзиеёв бастаған Өзбекстанның жаңа үкіметі қол жеткізген жетістіктерге тоқталып: «Ташкенттің жаңа үкіметінде барлық өзгерістер жұмсақ атқарылды. Енді Өзбекстанда Шавкат Мирзиеёв билік басына келгеннен кейін  Ташкент пен Астана аймақты басқаруды  өз қолдарына алуға талпыныс жасап жатыр»,-деді.

Өзбекстан мен Қазақстанның өзара тиімді ынтымақтастық саласына аяқ басқанын  немесе бір-бірімен қайта бәсекелесе бастағанын болашақта екі елдің сыртқы стратегиялық саясаты мен қарым-қатынас тәсілінен байқау керек.