Әзірбайжан, Түркіменстан мен Түркия Сыртқы Істер Министрлерінің отырысы өтті
Шіл 19, 2017 22:49 Asia/Almaty
Бакуде Әзірбайжан республикасы, Түркіменстан мен Түркия Сыртқы Істер Министрлерінің үшжақты төртінші отырысы өтті.
Бұл отырыстың мақсаты – кеңесу механизмдерін қалыптастырып, Әзірбайжан республикасы, Түркіменстан мен Түркияның өзара мүдделерге негізделген аймақтық ынтымақтастықтарын кеңейту. Үш елдің үшжақты алғашқы отырысы Бакуде, екінші отырысы Ашхабадта, үшінші отырысы өткен жылы Түркияда өткен болатын.