Қоқан-лоққы жасау мен айып тағу – АҚШ-тың Иранға қарсы дипломатиясы
АҚШ басшыларының соңғы күндердегі сөздері саяси және ақпараттық орталарда қызу талқыланып жатыр. АҚШ Президенті Дональд Трамп 21 шілдеде ішкі іске араласушы мәлімдемесі мен айып тағуға толы кеңістікте Теһраннан тез арада 2007 жылы Иранда жоғалып кетті деп жүрген FBI-дың бұрынғы қызметкері Роберт Левинсонды азат етуді талап етті.
Швейцарияда француз тілінде жарияланатын «Женева трибунасы» басылымы интернет сайтында АҚШ-тың бұл әрекетін Иранға қысымды арттыру саясаты аясында жасалды деп бағалап: «Ақ үй Иранға қысымын күшейтіп, «Әділетсіз қамауға алған бірнеше америкалық азаматты азат етпесе, ауыр салдарларға ұшырайды» деп ескертті»,-деп жазды.
Иран АҚШ басшыларына Роберт Левинсон деген адамның бірнеше жыл бұрын Иранға сапар шегіп, содан кейін елден кеткенін, Теһранда оның тағдыры туралы ешқандай ақпараттың жоғын сан рет мәлімдеді.
Ақ үйдің мәлімдемесінде, сондай-ақ, Ирандағы бір сот ісіне сілтеме жасалып, қос азаматтыққа ие тегі ирандық америкалық іскерлер Сиамак Намази мен оның әкесі Бағер Намазиді босату талап етілген.
АҚШ пен Иранның азаматтығына ие Сиамак пен Бағер Намази АҚШ-тың жау үкіметімен әріптестік жасады деген айыппен Иранда 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ақ үйдің мәлімдемесіне реакциясында АҚШ үкіметінің қоқан-лоққыға толы сөздерін Иранның ішкі іске араласуының дәлелі деп атап: «Иран сот органы басшыларына сілтеме жасап, Ақ үйдің мәлімдемесінде есімдері аталған адамдар Иранда заң бойынша айыпталған. Олардың ісі заң бойынша қарастырылып жатыр»,-деді.
АҚШ басшылары мен ұйымдары тарапынан ішкі іске араласушылық және қоқан-лоққы сипатындағы мәлімдемелердің жасалуы Иран үшін жаңалық емес.
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әлі елшісі Ғоламали Хошру осы ұйымның бас хатшысына 21 маусымда жазған хатында АҚШ Мемлекеттік хатшысының ішкі іске араласушы сөздерін сынап: «АҚШ басшылары, соның ішінде Рекс Тиллерсонның жүйені іштен құлату туралы сөздері дөрекі әрі ішкі іске араласушы сипатта. Бұл барлық халықаралық заңдар мен принциптерге қайшы келеді»,-деп жазды.
АҚ үйдің кешегі мәлімдемесі де бұл ел үкіметінің ішкі іске араласушылық және үстемшілдік сипаттағы болмысынан хабар береді. АҚШ осы уақытқа дейін Иранмен әріптестік жасайтын елдердің бірқатар азаматтарын Вашингтонның Иранға біржақты салған санкцияларын айналып өтті деген айыппен соттап, түрмеге қамады. Еуропа мен Азияның бірнеше банкіне де ауыр айыппұл салынды. АҚШ жаңа бір жайтта осы елдің Принстон университетінің түлегі тегі қытайлық Шиве Ванг есімді бір америкалық азаматты тыңшылық айыбымен 10 жылға соттады. АҚШ басшыларының осындай әрекеттері барлық жағынан халықаралық заңдар мен ережерлерді бұзу болып табылады. Алайда, АҚШ мұны халықаралық сахнадағы бір жаңашылдыққа айналдырғысы келеді. Оның мұндай шаралары БҰҰ жарғысының рухына қайшы әрі халықаралық қарым-қатынас нормаларына да кереғар.