Иран Ресейден 12 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29316-Иран_Ресейден_12_ұшақ_сатып_алу_туралы_келісімге_қол_қойды
Иран Ресейден Sukhoi Superjet 100 моделді дамыған 12 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 26, 2017 17:43 Asia/Almaty
  • Иран Ресейден 12 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды

Иран Ресейден Sukhoi Superjet 100 моделді дамыған 12 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды.

Ресейдің Энергетика министрі әрі екі ел арасындағы экономикалық серіктестіктердің ортақ комитетінің ресейлік төрағасы Александр Новак Иранның Ресейден Sukhoi Superjet 100 моделді 12 ұшақ сатып алу туралы келісім жасағанын, болашақта тағы отыз ұшақ сату туралы келісімге қол қою ықтималдығын хабарлады.

Ұсынылған техникалық және кәсіби есептерге сәйкес, Sukhoi Superjet 100 –  «FLY-BY-WIRE» түрінде басқарылатын әлемдегі 100 адамдық алғашқы ұшақ. Бұл ұшақтардың Air Bus ұшақтарынан еш айырмашылығы жоқ.

Жолаушы тасымалдайтын ұшақтар ісі бойынша ресейлік басшы Владислав Масалов бұдан бұрын Superjet 100 ұшақтарын Иранға сату америкалық ұшақ бөлшектерін өндірушілердің келісімін қажет етеді деген болатын.