Америкалық коалицияның Сириядағы жаңа қылмыстарында әскери емес 29 адам көз жұмды
(last modified Thu, 27 Jul 2017 16:13:56 GMT )
Шіл 27, 2017 22:13 Asia/Almaty
  • Америкалық коалицияның Сириядағы жаңа қылмыстарында әскери емес 29 адам көз жұмды

Сәрсенбі күні Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласында Американың бақылауындағы «ДАИШ-ке қарсы» деп аталатын халықаралық коалицияның ұшқышсыз ұшақтарының шабуылында әскери емес 29 адам көз жұмды.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, сол шабуылда сириялық әскери емес көптеген азамат жарақат алған.

Аталмыш коалиция маусым айының 27-28-29 күндері де көбісі әйелдер мен балалар болған сириялық тоқсаннан астам адамды  Дей уз-Зор облысында қанға бөктірді. Американың басшылығындағы «ДАИШ-ке қарсы» деп аталатын халықаралық коалицияның Ирак пен Сирияға шабуылдарын бақылайтын Airwars тобы жуырда 2014 жылдан осы уақытқа дейін америкалық коалицияның Ирак пен Сириядағы шабуылдарында әскери емес шамамен үш мың адамның көз жұмғанын жариялады.

Америка соңғы жылдары лаңкестік топтармен күрес сылтауымен Сирия мен Иракта әскери емес адамдарды сан рет нысанаға алды.

 

Тегтер