АҚШ Парсы шығанағында арандатушы сипатты әрекетін қайталады
Ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз күштеріне қарасты төртінші аймақтағы Зулфақар флотының қоғамдық қатынастар бөлімі мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Парсы шығанағында арандатушы сипаттағы кәсіби емес әрекетін қайталағанын хабарлады.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз күштеріне қарасты төртінші аймақтағы Зулфақар флотының қоғамдық қатынастар бөлімі мәлімдемесінде: «Парсы шығанағының солтүстігінде АҚШ-тың бір әскери кемесінің Сақшылар корпусы теңіз күштеріне қарасты бір патрульдік кемеге қарай екі бос оқ атқан арандатушы сипаттағы әрекетінен бірнеше күн өткен соң АҚШ кемелері Парсы шығанағының ортаңғы аймағында осыған ұқсас әрекет жасады.
АҚШ арандатушылық әрі кәсіби емес әрекет жасап, Зулфақар флотына қарасты кемелерге ескерту ретінде жарық түсірген. Ал Сақшылар корпусының теңіз күштері АҚШ кемелерінің әдеттен тыс әрекетіне назар аудармастан, өзінің аймақтағы миссиясын орындауды жалғастырды. Содан соң ұшақ тасушы кеме мен әскери кеме де аймақтан кетті»,-деп жазылған.